Құрметті ата-аналар! «Ақ бесік» балабақшасына қош келдіңіздер. Біздің балабақша 2021 жылы құрылған - 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар, 2 топта тәрбиеленеді; - бізде баланы оның дамуы мен білімі кезінде сүйемелдейтін білікті оқытушылар құрамы бар; - Балабақша миссиясы - балаларыңыздың физикалық, зияткерлік, әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық дамуына тиімді инновациялық бағдарламалар мен әдістер арқылы мектепке дейінгі білімнің негізін қалау. Біздің балабақша - бұл отбасылық атмосферасы бар жылы үй, онда балалар ойнайды, ертегілерді тыңдайды және қарым-қатынас жасайды, ағылшын тілін, хореографияны, карате мен логопедтің дағдыларын үйренеді. Біз сіздерді және балаларыңызды көруге әрқашан қуаныштымыз!
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау бойынша міндеттерді қамтиды.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Балалар өздерін еркін сезінетін, мейірім мен қауіпсіздікке толы орта ұсынамыз
Дамыту ойындары мен шығармашылық сабақтар
Шығармашылық сабақтар мен ойындар балалардың қиялын дамытып, өз ойын еркін жеткізуге көмектеседі.
Үйірмелер
Қосымша үйірмелер баланың тілін, ойлау қабілетін және шығармашылығын жан-жақты дамытады.
Жас ерекшелігіне сай білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламамыз әр баланың жасына, қызығушылығына және даму деңгейіне бейімделген.
Теңгерімді әрі таза тамақтану
«Балаларға күн сайын пайдалы, жаңа дайындалған және теңгерімді тағам ұсынылады.
Тәжірибелі тәрбиешілер әр балаға жеке көңіл бөліп, қамқорлықпен бағыт береді
Тәжірибелі тәрбиешілер әр балаға жеке көңіл бөліп, қамқорлықпен бағыт береді
Жаңалықтар!
Join Minds Ahead School
Subscribe to our email newsletter for useful tips and valuable resources, sent out every month
Кітаптар әлеміне саяхат
Балабақшада тәрбиеленушілердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту мақсатында «Кітаптар әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Ұлттар мерекесі
Ұлттар күніне орай өткізілген і с-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің әртүрлі ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық киімдері мен өнері туралы білімдерін кеңейту, достыққа, бірлікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Басшы блогы
Нуримова Аманкул Исламкуловна
Меңгеруші
Вакансия
Меңгеруші
Тәжірибелі, жоғары білімді меңгеруші лауазымына бос орын ашық.
Тәрбиеші
Мектепке дейінгі білімі бар, балаларға мейіріммен қарайтын тәрбиеші лауазымына бос орын ашық.